Текст
04.05.2024
"Мұғалім -2024" спартакиадасы
Аудандық мектеп қызметкерлері арасында ұйымдастырылған "Мұғалім -2024" спартакиадасының іріктеу жарысында тоғызқұмалақтан Турдиева Р.жүлделі 2-орын,Малдыбаев Н.3-орын,бес асық ойнаудан Сандалхан Ж.3-орын,үстел теннисі жарысы бойынша Хакназаров К.және Серік Жанар...
04.05.2024
Мағжан оқуларының аудандық кезеңі.
Мағжан оқуларының аудандық кезеңіне қатысқан мектебіміздің оқушылары Дәулет Нұрасыл 3- орынға және Китайбекова Айшанұр 3-орынға ие болды.Жетекшілері Сахай Г.және Сандалхан Ж. Құттықтаймыз!
04.05.2024
"Таза Қазақстан" акциясы
"Таза Қазақстан " акциясы аясында барлық ауыл тұрғындары.мектеп ұжымы.мектептің ауласын,ауыл маңайын тазалап,көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
06.03.2024
Облыстық олимпиада жүлдегері!
Қойгелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы Малик Айзере облыстық 5-6 сыныптар арасындағы пәндер олимпиадасынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысып,Ақмола облысы бойынша 1-ші орынды иеленді.Жетекшісі пән мұғалімі Сахай Гүлжазық.Құттықтаймыз!
05.03.2024
Жаңа мектеп басшысы
Аудандық білім бөлімінің басшысы келіп,мектебіміздің жаңа директорымен таныстырып кетті. Тахир Хасимович қош келдіңіз!
29.02.2024
"Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу"
Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы білім бөлімі Қойгелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары "Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұлттық киіммен жұмысқа " атты челленджін жалғастырады.Білім беру саласында...
29.02.2024
Әліппемен қоштасу
Бірінші сынып оқушыларының әліппемен қоштасу іс шарасы өтті. Ата аналары балаларына жылы лебіздерін білдіріп,сынып жетекшісі Кошенова Зәуре Тюлегенқызына алғыстарын білдірді.
29.02.2024
ХХХVI қысқы облыстық "Хрустальный колос " спартакиадасы
Мектебіміздің оқушысы Китайбекова К. ХХХVI қысқы облыстық" Хрустальный колос" спартакиадасының бағдарламасындағы шорттрек жарысынан 500 метрге жүгіруден жүлделі II орынды иеленді.Құттықтаймыз!
12.02.2024
Физика, химия және биология апталығы
Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 12.02-16.02.2024 жыл аралығында физика, химия және биология апталығының іс -шарасы бекітіліп, ашылу салтанаты өткізілді.
07.02.2024
Ауған соғысының ардагерімен кездесу.
Мектебімізде Ауған соғысының ардагері,Құрметті қонағымыз Ахметов Сүйіндік Кошенұлымен кездесу өтті.