Текст
05.10.2021
Мектебіміздің оқушыларының арасынан өзін-өзі басқару үйымының Президентін сайлау жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша 23.09.2021 жылы өтеді.
05.10.2021
Мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларының арасынан өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау үшін түсіндіру дәрістері жүргізілді. Ақылдаса келе әр сыныптан бір кандидттан ұсынылды. Таңдалған кандидаттар өздерінің жоспарларымен таныстырды.
05.10.2021
Мектебіміздің ұжымы 18.09.2021 ж күні жалпы аудандық Экологиялық сенбілікке шықты. Мектебіміздің айналасын тазалап жинастырды.
05.10.2021
Мектебіміздің 2-сынып оқушылары арасында "Ана тілімде әсем жазамын" атты көркем жазу байқауы өтті. Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне рай ұйымдаастырылып жатқан іс-шараларға мектебіміздің оқушылары белсене қатысуда. Көркем жазу сайысын сынып жетекшісі Журкина Кульмира ұйымдастырды.
05.10.2021
Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай мектебіміздің 1-сынып оққушылары арасында "Бала тілі-бал" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар тіл туралы жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқып өзара жарысты. Берілген әріптерден сөздер құрастырды. Ашық сабақ сынып жетекшісі Малик Сағат жүргізді.
05.10.2021
Мектебіміздің 5,6,7 сынып оқушылары арасында "Ахмет Байтұрсынұлы -қазақ әліпбиінің негізін қалаушы" атты тақырыпта ашық сабақтар ұйымдастырылды қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Мустапа Алмагүл өткізді.
09.09.2021
Биыл біздің мектептің аға мұғалімі Алмагүл Мұстапа білім беру саласындағы қызметшінің 40 жылдығына орай мектеп әкімшілігінің алғыс хатымен марапатталды. Волгодон ауылдық округінің әкімдігі Мұстапа Алмагүлді құттықтап, мақтады. Осы жылы жаңадан тіркелген жас маман Мұратхан Асылжанкаға да еңбек кітапшасын табыс етті.
09.09.2021
Мектебімізде 2021-2022 оқу жылының басталуына байланысты 1-қыркүйек күні 2-11 сыныптарда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында сынып сағаттары өтілді.
09.09.2021
1 Қыркүйек Білім күні құтты болсын! Бүгін мектебіміздің табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға Волгодон ауылдық округінің әкімдігінен арнайы қонақтар келіп шәкірттерімізге ізгі тілектерін білдірді. Ауылымыздың беделді тұлғасы Ерден Даниярұлы әліппе оқулығының лентасын қиды. Кішкентай бүлдіршіндерімізге бас маман Сауле Баграмовна, аға ұстаз Мустапа Алмагүл, ата-ана Анар Қуанышқызы, мектебеміздің оқу ісінің меңгерушісі Сандалхан Жанерке, 11 сынып оқушысы Сахай Жасұлан әліппе оқулығын салтанатты түрде табыстады. Алғашқы қоңырау соғылды.
28.05.2021
Мектепбімізде "Сыңғырла соңғы қоңырау" тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Мереке барысында оқушылар ұстаздщарына гүл шоқтарын табыстап әсерлі әуендерін арнады. Волгодон ауылдық округінің әкімінің м.а Зарина Ержанқызы ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, алғыс хат табыстады. Сәт сапар түлектер!