Текст
12.05.2021
Мектебімізге "Бірлігіміз Жарасқан" тақырыпта 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған сурет көрмесі ұйымдастырылды.
12.05.2021
1 МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ ОРАЙ "Ел бірлігінің-ең асыл қасиет" кітаптар көрмесін мектебімізде ұйымдыстырып өткізудеміз. Көрменің жетекшісі мектеп кітіпханашысы Китайбекова З.Х. #Бірліккүні #ТұғырлыТәуелсіздікке30жыл
12.05.2021
Таза ауылдың тынысы кең. Үрдіске арналған "Бізге таза, Қазақстан" жалпы Республикалық сенбілік акциясына Қойгелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің қызметкерлері мен оқушылары белсенді қатысты.
12.05.2021
2021 жылдың 21 сәуір күні "Ұлы дала тұлғасы-Ж. Ташенов" атты жүлдесіне арналған дебаттық клубтары арасында аудандық пікірсайыс болып өтті. Біздің мектебіміздің намысын қорғау үшін Сахайұлы Жасұлан және Жақсылық Зейнеп қатысып орын иеленді. "Үздік оратор"- номинациясын мектебіміздің оқушысы Жақсылық Зейнеп жеңіп алды. Жалын дебаттық клубының жұмыстарын дайындап жетекшілік еткен мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәндернің мұғалімдері Отарбай Ә. Мустапа А.
12.04.2021
Қазақтың қайсар ұлы, Мемлекет және қоғам қайраткері Жумабек Ахметұлы Ташеновтың туған күніне орай ұйымдастырылған "Есімін ел ұлықтаған" аудандық сайысқа 11 оқушы қатысып 5 жүлделі орын және 2 бас жүлделі орынға ие болып оқушылар мектебіміздің намысын қорғады!
12.04.2021
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген оқушылардың аудандық олимпиадасынан мектебіміздің 9 сынып оқушысы Сейтханов Жеңіс 1-орын иеленді, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 9 сынып оқушысы Танкенова Елюжан 3 орынға иеленді. Физика пәнінен 11 сынып оқушысы Нұртазина Дильназ 3 орынға иеленді қазақ тілі мен әдебиет пәнінен.
12.04.2021
Мектебімізде "НҰР НАУРЫЗ-ХАЛЫҚ ТОЙЫ" атты кітаптар көрмесін ұйымдастырылды! Кітапханашы Китайбекова зухра оқушыларға кітап ішіндегі ұлттық өрнектер туралы ақпарат беріп, көрмеге жетекшілік етті!
12.04.2021
Мектебімізде ұйымдастырылған "НҰР" наурыз -Халық тойы" атты кітаптар көрмесінен үзінді! Көрмеге қойылған кітаптарға оқушылар қызығушылық танытып көктемгі демалыс уақытында оқығылары келетінін жеткізді. Көрменің өз мақсатында жеткеніне ұйымдастыру алқасы қуанды. Көрменің жетекшісі Китайбекова Зухра.
12.04.2021
Мектебіміздің "Наурыз-думан" тақырыбында ұлттық спорт түрлі сайыстар өткізілді. Мектепалды Даярлық сыныбының оқушылары ханталапай, асық ату, бес асық, алтын сақа сынды ойындарды ойнап өз шеберліктерін көрсетті. МАД сынып жетекшісі Китайбекова Зухра оқушыларын ұлттық ойындарға деген қызығушылығын жақсы екенін айтып өтті.
12.04.2021
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!