20.03.2026
🦅 Жас қырандар мен Жас ұландар – жаңа белестерге жол ашты!
2025 жылғы 25 қазан күні Қойгелді жалпы орта білім беретін мектебінде мерекелік шара өтті: 1-сынып оқушылары “Жас қыран”,ал 5-сынып оқушылары “Жас ұлан”тобына қабылданды.
Шара барысында кішкентай қырандар мен жас ұландар патриоттық тәрбие,өз елін сүйе білу,бірлік пен достықты қадірлеу сияқты маңызды қасиеттерді меңгеретін уәде берді. Олар мектеп ұжымының жаңа мүшелері ретінде батылдық, жауапкершілік және ұлттық рухты сақтау ұстанымдарын қабылдады.
Мерекелік қабылдау – тек дәстүр емес, оқушыларды елдің ертеңі ретінде тәрбиелеудің алғашқы қадамы,шығармашылыққа, белсенділікке және жаңа жетістіктерге бастайтын серпін.
Қойгелді мектебі жаңа қырандар мен жас ұландарды мақтан тұтады!
#ЖасҚыран
#ЖасҰлан
#ҚойгелдіМектебі
#ПатриоттықТәрбие
#МектепШарасы
#БолашақБастамасы
#Адалазамат
#адалұрпақ
#oqu_agartu_ministrligi
#aqmola_metod_center
#birtutas_tàrbie
#agmoedu