20.03.2026
📚 Бастауыш — білімнің бастауы!
2025 жылдың 15 қарашасында Қойгелді ЖОББ мектебінде бастауыш сынып апталығы аясында 2-сыныпта математика пәнінен ашық сабақ өткізілді.
📌 Сабақ тақырыбы: «Екі таңбалы сандарды разрядтан аттамай жазбаша қосу және азайту»
📎 Сабақты өткізген:бастауыш сынып мұғалімі Жүркина К.А.
Бұл ашық сабақтың мақсаты — оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және математикалық сауаттылығын арттыру болды. Сабақ барысында оқушылар өз білімдерін белсенді түрде көрсетіп, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Ой қозғау, жұптық жұмыс, ойын элементтері арқылы ұйымдастырылған сабақ оқушылар үшін ерекше әсерлі әрі танымдық мәні зор болды.
🧠 Сабақтағы жылы атмосфера, мұғалімнің шебер ұйымдастырушылық қабілеті мен оқушылардың ынтасы — оқу үрдісінің нәтижелі болуына ықпал етті. Бұл — білім берудегі шығармашылық пен жаңашылдықтың көрінісі.
🌟 Білімге деген құштарлық бастауыштан басталады!
#Бастауыш2025
#АшықСабақ
#ҚойгелдіЖОББМ
#МатематикаСабағы #БілімБастауыштан