"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Қойгелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Койгельды отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік сынып жетекші – 2022» байқауы

04.03.2022
Бүгін Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік сынып жетекші – 2022» байқауы өтті.
Байқауға сынып жетекшілік қызметі 5 жылдан кем емес ауданға қарасты барлық мектептерден жалпы 12 ұстаз қатысты. Сайыс бес кезеңде өтті. «Мен сынып жетекшісімін» атты презентациясы сайыстық жұмысында қатысушылар тәрбие жұмысының басым бағыттары, сынып ұжымының ерекшеліктері, сыныптың дәстүрлері мен т.б. түрлі бағыттарын көрсете білді. Байқаудың өз өнері кезеңінде сайыскерлер өнерлерін ортаға салды. Келесі «Тәжірибе алмасу» атты бөлімде сынып жетекшілер көрермендермен еркін тақырыпта шеберлік сағатын өткізіп, креативті, жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдаланды. Бұл жерде тек тәрбие тақырыбының мазмұндылығы ғана емес, ұстаз бен оқушылар арасындағы тығыз қарым-қатынасқа баса назар аударылды.
Соңғы яғни сырттай кезеңінде сынып жетекшісінің жаңа үлгідегі инновациялық жұмыстарының жинағы (портфолио) өткізілді. Портфолиодағы тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерінің нақтылығы, дәйектілігі басты назарға алынды. Сонымен қатар тәрбие жұмысының жүйелілігі, мазмұнының біртұтастығы және авторлық ерекшелігі де қалыс қалмады. Портфолиоға қоса байқауға қатысушы сынып жетекшілердің эссе-шығармашылық жұмыстары қабылданып, ойдың орамдылығы мен сапасы сараланды.
Байқаудың барлық ереже-талаптарын орындап, жұмыстарын нақты, түсінікті, нағыз сынып жетекшісіне тән әдістемелік тілмен баяндаған ұстаздарды жүлделі орындар мен номинациялармен әділқазылар алқасы марапаттады. Үздік сынып жетекші байқауына мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Журкина Кулмира Аманбайқызы қатысып жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!
Просмотров: 408


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст