«ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ»
1-қазан Қарттар күніне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі
Күні: 01.10.2019ж. Жүргізушілер: Байболат Роза – 10 сынып оқушысы, Қошенов Темірлан. – 11 сынып оқушысы
Басталуы: Слайдпен «Қымбатты менің қарттарым!»
(Фанфар. Жүргізушілер ортада)
1-жүргізуші: Армысыз ауылымның асылдары,
Жайналсын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
2-жүргізуші: Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
1-жүргізуші: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты әжелер, аналар! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекесі қарттар күнімен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
1-жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше.
2-жүргізуші: Олай болса, әр халықтың бойында ықылам заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерешеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.
1-жүргізуші: Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1-қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекемізге қош келдіңіздер дегім келеді. (пауза).
Мерекемізді бастамас бұрын сөз кезегін мектеп директорының міндетін атқарушы Сандалхан Жанерке апайға береміз.
2-жүргізуші: Алдында ақыл берер қария ғой,
Жақсылар жақсылыққа жария ғой.
Жастарға ол парасатты кеңес берер,
Сөзге бай ағып тұрған дария ғой.
Ауылымыздың ардагері ______________________________________ сөз кезегін береміз.
Ән: «Асыл әжем». Орындайтын:Оралбай Айда
1-жүргізуші: Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік кішкентай бұлдіршіндерге сөз береміз. (бастауыш сынып)
1-жүргізуші: Той деп бүгін шашу шашады
Той деп бүгін әлем сырын ашады
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
Мектебіміздің биші қыздарын сіздердің қошеметтеріңізбен ортамызға шақырайық! «Қазақ биі». Ай жулдыз тобы
2-жүргізуші: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
Сайлаубай Беколжастың орындауындағы «Ана » әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Ата ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
10 сынып «-------------------» әні. Орындайтын: Нуртазина Дильназ
1-жүргізуші: Тұра-тұршы есейгенде ұл-қызың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған бақыт неге керек, ақ әже-ау?!
Өзің бірге көре алмасаң қызығын.
Сіздердің құрметтеріңізге
Байболат Еркебуланың орындауындағы « » әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Қарттарды құрметтейтін, олардың алдындағы перзенттік
парызын үлкен ынтамен орындайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсету сынды қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!
2-жүргізуші: Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ол баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі.
1-жүргізуші: Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
(11 сынып оқушылары.) Көрініс: «тоқта балам, атаң келер артыңда»
Көрініс: ««Қарттар үйі» атты көріністі тамашалаңыздар!
1-жүргізуші: Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатырған салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.
2-жүргізуші: Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,
Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.
Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,
Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар!
5 сынып оқушысы Китайбекова Үкіжанің орындауындағы «Қос бәйтерегім: Әкешім-Анашым» әні
1-жүргізуші: Абырой амандығың арта берсін,
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
ХОР: «Қариялар азайып бара жатыр» (оқушылар, мұғалімдер бәрі шығып ән айтады)
2-жүргізуші: Тыныштық елімізге бере берсін,
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып,
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.
1-жүргізуші: Алатаудай кейпі биік қашанда,
Таң сызылып, күлер нұр шашарда
Бата бер деп бар адамдар жаяр қол,
Бір биіктен бір биікке асарда.
Сіздерден бата берулеріңізді сұраймыз! (Бата).
1-жүргізуші: Бүгінгі «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекеміз осымен аяқталды.
2-жүргізуші: Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рақмет!
Орындаған: ДТЖО Ж.Жумабаева тәлімгер Ә.Отарбай