"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Қойгелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Койгельды отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғашқы қоңырау 2019-2020 1 Қыркүйек - Білім күні "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ |

13.10.2019
 
«Алғашқы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиын Уақыты 10. 00. Өтетін орны - мектеп ауласы. Дизайн: - «Қош келдіңіз!», «Бақытты мерекелер!» Баннерлері. «Мерекелеріңізбен!», Шарлар, жалаушалар, гүл стендтері.

Музықалық жабдықтау: Ән: «Ұстазым», Мектебім әні, ӘН «Көңілді күн»
              Жоспары:
1. Сапқа тұрғызу
2. Қонақтармен таныстыру
3. ҚР мемлекеттік туды енгізу
4. ҚР әнұранын орындау
5. Би
6. Мектеп директорының бұйрығы
7. Танец «5»
8. Алғашқы қоңырау салтанаты
9 Қорытынды сөз
10. Оқушыларды мектепке кіргізу.
Өтетін күні:
Уақыты: 10. 00
Сыныптар: 1 - 11 сыныптар
9. 30 – Музыканы қосу
9. 50 – Сапқа тұрғызу
9. 00 – фанфары

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата-аналар мен шақырулы қонақтар!

2 - Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

1 - Жүргізуші: Мектеп деген білім күні, жыр күні
                          Мектеп деген ғылымның ең үлкені
                          Мектеп деген тәрбиеші адамға
                          Мектеп деген даналардың мекені

2-жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,

                        Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

                        Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

                        Құтты болсын Білім күнің – мерекең!

1-жүргізуші:  Мектееееп, тік тұр. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік         Туы ресми түрде енгізілсін.

 Мектееееп, тік тұр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын.  /ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады/
Мектеп оқушылары! Қазақстан Республикасының Туына қарап тік түзеліңіздер (ҚР Әнұраны ойнап, Ту көтеріледі.)
 

 

 

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, ата – аналар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекеңізбен құттықтай отырып, мектеп өміріне дәстүрге айналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

1 - Жүргізуші
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
2 – Жүргізуші :

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиедей талайға

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл- Фараби, Омар, ғалым Абай да.

«Алғашқы қоңырау» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директордын м.о. Сандалхан Жанерке апайға  беріледі.


1 – Жүргізуші --------------------------- «Мектебім» әнімен қарсы алыңыздар.

2 -жүргізуші: Ардақты асыл мекен мектебіме, Аяулы асыл жандар көп келеді. Құрметпен қонақтарға сөз берійік, Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді. Алғашқы қоңырау салтанатында құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті қонақтарында 1._______________________________________________

2._________________________________________________________________
1 – Жүргізуші : Халқымыз “Ата-баба дәстүрі- асыл мұра” дегендей “Бала- бауыр етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6-ға толып, 1- сыныпқа қабылданып ,“Алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті.» Бұл той- баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы.
Қадамыңа гүл бітсін деп ел - халқың,
Қошеметпен қолын соғып тұр жалпың.
Білім ал, нұр жаусын тек талабыңа, Ең кішкентай оқушы - қылығы алтын.
(1 - сыныптықтар құттықтауы)

 

 

2 – Жүргізуші Біреулер енші ап өмірден,

Аттанбақ болса асып қыр.

Біреулер балғын көңілмен

Алғашқы қадам басып тұр

Сондықтан да назарды,

Солар жаққа бұрайық

Балдырғандарды базарлы

 Қарсы алып, қол ұрайық – дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.

1 – Жүргізуші Ендеше, бірінші сынып оқушыларын құрмет – қошаметпен қарсы алайық! Бірінші сыныптың сынып жетекшісі: Кошенова Зауре апай.
(ӘН)«Көңілдікүн»

2-Жүргізуші: Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,

 Құтты болсын алғашқы қадамдары!

Құтты болсын басталған оқу жылы,

Құтты болсын, болашақ баспалдағы! – дей келе. Келесі сөз жоғарғы сынып оқушыларына беріледі.

1. Дамыған елу елдің қатарында,

Қазақстан ерекше аталуда,

«Рухани жаңғыру» - мен қазақ елі

Гүлденіп күннен күнге жақсаруда.

Бір мүдде, бір болашақ, бір мақсатқа,

Елбасы бастап берген саясатқа,

Ден қойып ұмтылыспен күш саламыз

Жеңіске жету үшін болашақта.

 

2. Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.

Адам жанын тәрбиелеп аялар,

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың.

 

3 .Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән,

Тербетер әр жүректі бір әсем ән.

Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз,

Сағынып жыл құсындай қайта оралған.

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің»-мерекең!

4.Оқысаңыз балалар Шамнан шырақ жағылар

 Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар – 

алғашқы қадамдарың құтты болсын,

алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.

1- жүргізуші:
Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп,

алтын ұя мектебіңізге қайта оралуларыңызбен құттықтаймыз!

дей келе балаларын алғаш мектепке жетектеп келіп отырған ата - аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұр бітсін дейміз!..
2 - жүргізуші: Қол жеткізген аңсаған арманына.

                         Жақсы шәкірт Азамат атанады,

                         Халқынан, ата-анадан бата алады .

                         Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

                          Ортаға шақырайық ата-ананы –

сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата-аналарымызға, әжелерімізге береміз.  Ортаға 1сыныптарының ата анасы___________________________________________ортаға шақырамыз.
 

1- Жүргізіші: Құметті ұстаздар! Сіздердің бала болашағын ойлап, оларды білім нәрімен сусындату жолындағы еңбектеріңіз орасан зор. Олай болса шәкірттеріңіздің сіздерге арналған әсем әнін қабыл алыңыздар. Ән: «Ұстазым»

 1 - Жүргізуші
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын.
Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебіміздің биыл түлеп ұшатын түлегі -----------------------және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршініміз --------------- -----шақырылады.
ӘН ; «Көңілді күн»
Ән: «Алғашқы қоңырау» 

Сап түзел, тік тұр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ресми түрде шықарылсын!

1 – Жүргізуші  Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар!  Білім күні құтты болсын. Халқымыз аман, еліміздің беделі асқақ болсын! Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! Құрметті оқушылар сіздерге білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, білімді азаматша, отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілейміз. 

2 – Жүргізуші   “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2019 – 2020 оқу жылының 1 - қыркүйек - Білім күніне арналған "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ " атты алғашқы сабағымен жалғасады.  Ал,  Осымен 1 - қыркүйек білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз Алтын уақыттарыңызды бөліп, назар қойып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет! Оқушыларға сәт – сапар!

 

Просмотров: 519


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст