Сабақтың тақырыбы: Жазғытұрым
М.Жұмабаев
Мақсаты: Өлеңнің тақырыбы мен идеясын,өлеңнің мазмұнын
игерту.
Міндеттері: 1. Қазақтың көрнекті
өкілі Мағжан туралы дерек бере отырып,өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға
дағдыландыру.
2. Оқиға арқылы
оқушылардың бойында эстетикалық талғамның қалыптасуына, адам мен табиғат
байланысын түсіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін
дамытуға жол ашу.
3. Жыл мезгілін
қастерлеуге, құрметеуге,еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқытудың техникалық
құралдары, Мағжан Жұмабаев суреттері,жазғытұрымғы уақытты бейнелейтін суреттер.
Қызығушылықты
ояту: Мына күнің шуағынан жылу алайық.
Сендердің ықыластарына бөленген күн шуағы алақанымызға
сыймай барады. Енді біз шуақты босатып жіберейік, оның жылуы мен сәулесі бізді
және біздің жүрегімізді жылытсын.
«Ойашар» не туралы
болды?
Саған күн шуағы жарқырайтын қай жыл мезгілі ұнайды?Не
себептен?Адам тіршілігіне күннен басқа тағы не қажет?
«Топтастыру» жүргізу.
Ендеше бүгінгі сабағымыз осындай шуақты күндердің бірі
және табиғат сыйы болмақ.Мағжан Жұмабаевтың «Жазғытұрым» өлеңімен танысамыз.
(интерактивті тақта
арқылы суретін көрсете отырып, қысқаша өмірбаянымен таныстыру.)
Сергіту сәті: «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ: ЖҰМАБАЕВ МАҒЖАН (1893-1938 ж.), ақын,
аудармашы, жазушы, публицист. 1908 жылға дейін өз әкесі — Бекеннен хат танып,
ауыл мұғалімінен сауатын ашады. 1908-09 ж. Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды,
өздігінен орыс тілі мен әдебиетін оқып үйренеді. Сонда жүріп қазақ шәкірттерінің
«Садақ» атты қолжазба журналынын негізін салады. Кейін Омбы мүғалімдер
семинариясын бітіреді (1917 ж.). Омбыда оқып жүрген кезіңде «Бірлік» атты әдеби
үйірменің «Балапан» атты қолжазба әдеби журналын басқарады. Осы кезде
алашордашылармен байланыс жасайды, бірак кейін Кеңес өкіметі жағына шығады да,
1917-1923 ж. «Бостандық туы» (Қызылжар), «Ақжол» газеттерінде және «Шолпан»
журналында (Ташкент) қызмет істейді. 1923-26 ж. Мәскеу көркем әдебиет
институтында (белгілі орыс ақыны Брюсовтің жетекшілігімен) оқиды. 1927-29 ж.
Қызылжар педтехникумында, орыс орта мектебіңде қызмет атқарады. 1930 ж.
тұтқынға алынып, он жылға сотталып, Архангельск облысы «Соловец» еңбекпен түзеу
лагеріне жіберіледі. Одан А. М. Горькийдің жұбайы А. Пешкованың көмегімен, жаза
мерзімінен бұрын босанып шығып, 1936 ж. аяғында өз аулына оралады. 1937 ж.
маусымда Алматыға келіп, жұмысқа орналаспақ болып жүргенде, 1937 ж. 30
желтоқсанда қайта тұтқынға алынып, атылады.
Өлеңнің
екінші шумағын оқыту.Мазмұнына тоқталу.
Желді
бейнелеу « Жер нәрестенің әр қимылын қызықтап отырған әрқайсысы оны аймалағысы
,өпкісі келді. Тіпті қолына алып,шырқата ән салып тербеткісі келді. Бірақ Жер
нәресте олардың әрекетіне ояна қоймады. Сол кезде....»
Өлеңнің
үшінші шумағын оқыту. Мазмұнына тоқталу.
«Судың
салқын лебінен көзін ашқан Жер нәрестені бәрі аймалай ортаға алып, қызықтап
жүр. Оның әрбір қылығын, әрбір қимылын, әрбір күлкісіне мәз болған олар
әрқайсысы одан өз сыйын аямады.»
Өлеңнің
төртінші шумаған оқыту. Мазмұнына тоқталу.
Абайдың
«Жазғытұры» өлеңін интерактивті тақатада көрсету. Мәнерлеп оқу.
Жазғытұры
Жазғытұры
қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай
құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар,
адамзат анталаса,
Ата-анадай
елжірер күннің көзі.
Түйе
боздап, қой қоздап - қорада шу,
Көбелек
пен құстар сайда ду-ду.
Гүл
мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр
қағып, бұлаңдап ағады су.
Адам
тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп,жылып
тұрады жан лебізін.
Қызыл
арай сары алтын шатырына
Күннің
кешке кіргенін көрді көзім.
М. Жұмабаев пен Абай өлеңдерін « Вен диаграммасына»
салып салыстыру.Айырмашылықтары мен ұқсатықытарын табу.
Ой толғаныс: БББ кестесі
Білем |
Білдім |
Білгім келеді |
|
|
|
Үйге тапсырма Берілген тапсырманы түсіндіру
Бағалау: Оқыту үшін бағалау және
оқуды бағалау
Кері
байланыс: Смайликтерді өзі
қалаған нұсқаға жабыстырады.
Аршалы
ауданы Қойгелді орта мектебі
М. Жұмабаев
Жазғытұрым
(ашық сабақ)
4-сынып
Өткізген:Малик С
2016-2017 оқу жылы