Текст
Қойгелді ауылының жалпы білім беретін мектебінде 22-маусым күні бітіруші түлектерге "ЖАС ТҮЛЕК" 2023 аттестат табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті.Сынып жетекшілері оқушыларға ақ жол тіледі.Жақсы біліммен тағылымды тәрбиемен өскен шәкірттеріміз,Отанымыздың қазынасы,елдің ертеңгі елеулі түлегі болуына тілектеспіз.Шығыңдар білім шыңына Батамыз осы сендерге.Болыңдар үздік тағы да Оқуда да еңбекте! Сәт сапар,түлектер!